Қазақ тілінде адам құқықтары жайлы ақпарат аса көп емес. МИСК жастарға оның ішінде студенттер мен оқушыларға арнап, адам құқығы туралы негізгі сұрақтарға жауап беретін подкаст сериясын жазған болатынбыз.
Барлығы 11 эпизодта түрлі сарапшымен бірге адам құқықтары тақырыбын талқылып, неліктен адам құқықтары маңызды деген сұраққа жауап бердік. Подкасты түрлі платформаға, әлеуметтік желілерге орналастырдық. Олардың ішінде: Youtube, Telegram, Mave, Yandex Music, Spotify, Google podcasts, deezer, RSS.
Ең алғашқы эпизодта — Адам құқықтары және Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына арнаған болатынбыз.
Жоба Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен дайындалды. Жоба мазмұнында авторлардың көзқарасы көрініс тапқан, сәйкесінше Сорос-Қазақстан қорының көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Барлық мәліметтер, фактілер мен қорытындылар үшін жауапкершілік авторлардың еншісінде.