Танымал құқық қорғаушының кітабы қазақ тіліне аударылды

31 октября 2022 г. Общество

Биыл  Қазақстан Жастар Ақпараттық Қызметі  белгілі құқыққорғаушы, журналист Сергей Дувановтың Қазақстандағы  адам құқықтары туралы «По газонам ходить»  кітабын қазақшаға аударып, басып шығарды. Кітаптың қазақша атауы – «Көгалды басуға болады!». Аударма жұмыстарын біздің Азаматтық білім беру мектебіміздің түлегі, жоба координаторы Камила Енсегенова атқарды.


«Көгалды басуға болады!» кітабы азаматтық ұстанымы қалыптасқан, Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға өзінің қатысы барын түсінетін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты дүниелерді барынша білгісі келетін адамдарға арналған.  Кітап билік пен қоғамның адам құқықтарына қатысты өзара байланысы жөніндегі жеке көзқарастан құралған. Сонымен қатар, еңбекте қоғамдағы проблемаларға публицист ретінде және қоғамдағы процестерге тікелей араласқан азамат ретінде баға берілген. 


Дуванов мырза тоқсаныншы жылдан бері адам құқықтары мәселесімен айналысып жүрген қоғам белсендісі. Оның айтуынша, мемлекетте тек адам болу ғана емес, азамат болу маңызды. Өйткені мемлекет ісіне араласуға құқығымыз бар. Сайлауға белсене қатысуға, бақылаушы болу құқықтарына иеміз. Автордың айтуынша, бұл кітап өз демократиялық құқығы мен бостандығын қорғауды ойлаған адамның бірқатар сұрағына жауап ұсынады. 


«Көгалды басуға болады!» кітабы адам құқығы туралы білгісі келетін аудиторияға арнап өте қарапайым тілмен жазылғандықтан, осы жұмысты қазақша басып шығаруға шешім қабылдадық.   Кітапты  біздің Азаматтық білім беру мектебінің түлегі, жоба координаторы Енсегенова Камила қазақ тіліне аударды және біз кітапқа суреттер қосып, беттедік.  Біз жұмыстың алғашқы 50  нұсқасын басып шығарып, тұсаукесер жасадық. Алдағы уақытта 1000 дана етіп басып, еліміздегі барлық қалаға үйлестіру ойымызда бар. 


Сонымен қатар, бұл кітаптың электронды нұсқасын алуға мүмкіндік бар. Ол үшін yensegenova98@gmail.com поштасына жазсаңыз жеткілікті. 


Кітапты қазақ және орыс тілдерінде мына жерден жүктеп алуға болады.

Следите за нами в интернете