Виктор Ковтуновский сайлау, ақылды дауыс беру және бойкот жайында

5 декабря 2020 г. Выборы

Парламент сайлауына бір жарым ай уақыт қалды - партиялар ребрендинг пен қарбалас қызметті қолға алып, айтарлықтай белсенді бола түсті; сайлаушылардың бір кандидатты екіншісінен ажырата алуы екіталай.

Белсенділер оппозицияның қатысуымен әділ сайлау өткізілсін деген талаптарымен митингтерге шығуда, ал сарапшылар алдағы сайлау да ешқандай таңдаусыз болатындығына сенеді.

Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі саясаттанушы Виктор Ковтуновскиймен қазақстандық партиялар және алда келе жатқан сайлау науқаны жайында, бақылаудың маңыздылығы мен азаматтық белсенділік жайында, сайлаушылар үшін дауыс беру жолдары мен осы оқиғада біздің – қазақстандықтардың қандай орын алатындығы жайында әңгімелесті.

Виктория Ковальчук

– 10 қаңтар күні дауыс беруге баратын адам қалай таңдау жасауы керек? Оған сайлау учаскесіне барудың не қажеті бар? Ол жалпы алғанда, мәжіліс туралы және адам тілінде оның функциялары туралы не білуі керек? Біздің парламентіміздің төменгі палатасында бәрі дұрыс па? Ол қандай? Қандай болуы тиіс?

– Осы сұрақтарға берілетін жауаптағы түйінді сөз – «демократия». Бірақ оған белгілі бір абсолютті санат ретінде қараудың қажеті жоқ. Демократия - бұл қоғамға, азаматтарға мемлекетті, билікті басқаруға мүмкіндік беретін процесс. Парламентке сайлау - осы бір жалпы демократиялық процестің ең маңызды бөлігі. Бір жерде ол жақсы жұмыс істейді де, сайлаушылардың ерік-жігері елдің ішкі және сыртқы саясатына айтарлықтай әсер етеді. Енді бір жерде ол нашар жұмыс істейді немесе мүлдем жұмыс істемейді. Алайда кері байланыстың басқа бір легатимді әдісі әлі ойлап табылған жоқ, сондықтан демократиялық институттардың тиімділігін арттыруға тырысып-бағу қажет.

Билікке басқа тәсілдермен ықпал ету мүмкін бе? Иә. Біз майдандар, кейбір елдердегі үкіметті құлатқан «түрлі-түсті» революциялар жайында қанықпыз. «Кері байланыстың» мұндай түбегейлі тәсілі қауіпті, дегенмен кейбір жағдайларда жалғыз мүмкіні сол. Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғанындай, революциялардың, саяси төңкерістердің тиімділігі аса жоғары емес. Біздің көршілеріміз - қырғыздар – ендігі өздері жасаған революциялар есебінен жаңылып қалды, бірақ ондағы билік әлі де бақылауға көнбейді, жемқорлық жайлаған және құзыретсіз. Наразылықтар толқынында билікке көбінесе национал-популисттер келіп, олар жүйені өзгертпейді, олар бұрынғы олигархтарды өздерінің жақын адамдарымен алмастырады. Сондықтан, қайталап айтамын: қолданыстағы заңды демократиялық процеске өмір нәрін беру үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек.

Бізде президенттік басқару нысаны бар. Парламенттің құқықтары шектелген. Парламент туралы, партиялар туралы заңға қандай өзгерістер қажет екендігін ұзақ уақыт талқылауға болады, алайда ол маған ұзын-сонар және мерзімінен бұрын жасалған әңгіме болып көрінеді, өйткені қазір депутаттар тіпті өздеріне берілген өкілеттіктерін де толық көлемде пайдаланбайды. Оған себеп, сайлаушылар мүддесіне жауап беретін партияларға тыйым салынған, әкімшілік ресурстың, сонымен қатар тікелей бұрмалаудың дауыс беруге тигізетін әсері зор.

Орын алған жағдайды өзгертудің бір ғана рецепті бар, ол - әлеуметтік белсенділік. Барлық диктатуралар күшпен ұсталады, бірақ азаматтық қоғам енжар болатын болса, оның қажеті де жоқ.

– Бүгінгі таңда Қазақстанда партия картасы қандай көріністе? Олардың кез келгені жетістікке жеткен жағдайда қатардағы қазақстандық не күте алады?

– Долбарлап алғанда біздің саяси алаңымыз мынадай көріністе: көрер көзге кейбірі әрең байқалатын басқа да рұқсат етілген партиялар сирек кездесетін, Nur Otan деп аталатын үлкен дақ. Елбасы партиясы осы алаңдағы барлық тіршілік иелерін басып тастауын тоқтатқан жағдайда ғана, қандай да бір өзгерістерді күтуге болады. Бәсекелестік қажет. Рұқсат етілген партиялар жалпы алғанда қазіргі билікке адалдық танытынп отырғандықтан, әзірге бәсекелестік жалған. Бірақ, егер алда тұрған сайлауда осындай жалған партиялардың бірі Nur Otan-ға қарағанда көбірек дауыс жинап, жеңіске жететін болса, бұл барлық қолданыстағы билік жүйесін түбегейлі өзгертеді. Қоғамдық қолдаудың өмір беретін күші декоративті бәсекелестікті нақты бәсекелестік етері сөзсіз. Мен бұған кәміл сенімдімін.

Бұл халық билігі орын алады дегенді білдірмейді, бұл дегеніміз саяси өзгерістердің нақты алғышарттары жасалады.

– Тіркелген партиялардың әрқайсысында өзі ұстанатын айқын идеологиясы бар ма? Қазақстанның партиялары бір-бірінен қатты ерекшеленеді ме, әлде, керісінше, өзара ұқсас па?

 «Ресми түрде, әрбір тіркелген партияның өз бағдарламасы бар, ол қандай да бір дәрежеде сол ұйымның саяси идеологиясының контурын қалыптастырады, – дейді сарапшы. – Алайда іс жүзінде шекаралар икемді және бұлыңғыр. Көп жағдайда біздің партияларымыз: барлық жақсылық үшін, барлық жамандыққа қарсы деген популистік доктринаны ұстанады. Саясаттанушылар өзара олар жайында: «оң да емес, сол да емес, киіз етік іспетті», - деп әзілдейді.

Мұндай аморфтылық - Қазақстанда нақты бәсекелестік сайлаудың болмауының салдары. Олай болмаған жағдайда, партиялар өз сайлаушыларының қолдауын алу үшін өздерінің басымдықтарын әлдеқайда нақты белгілеп алуға тұрысып-бағар еді. Атап өтемін: бастысы  идеология емес, бастысы - саяси бәсекелестік. Ол барлығын өз орнына жайластырып,  партиялар, «киіз етіктер» саяси сахнадан шығып қалады.

– Сіз қалай ойлайсыз, қазақстандық партиялар өздерінің сайлауалды бағдарламаларында қандай да бір «фишкаларын» мақтан ете алады ма? Олар жалпы алғанда сайлаушыларды тарту мүмкіндігін пайдаланады ма? Әлде нақты еш нәрсе күтудің қажеті жоқ па?

– Мен алдағы сайлау науқаны бұрынғы сайлауларға қарағанда әлдеқайда жанды және аз ұйымдастырылған болады деп күтемін. Кейбір алғышарттар қазірдің өзінде көрініп тұр.

Біздің электорат, жұмсақ тілмен айтқанда, бұзылмағандықтан, ол кез келген сәтті жасалған саяси технологиялық қулықтың жетегінде кете алатындығын атап өту қажет. Бір ғана ашық ұран, әлеуметтік желілердегі бір ғана сәтті вирустық ролик қолдау танытқан миллион дауыс әкеле алады. Nur Otan-ның ресми бәсекелестері осыны пайдаланады ма? Білмеймін. Жақын арада көреміз.

– Кейбір партиялар сайлау алдындағы соңғы апталарда өткізіп жататын ребрендинг жайында не айтар едіңіз? Бұл неліктен орын алады, мұның қандай да бір мәні бар ма және бұл белсенділік партиялардың беделіне қалай әсер етеді?

- Мен олар борж ішуін кештеу бастайды дер едім. Мәні бары сөзсіз. Мысалы, біздің сайлаушыларымыз «Ауыл» партиясының қызметі туралы ештеңе білмейді, алайда ауыл жайы алаңдататын көптеген азаматтар жанына жақын көрінетін атауы бар партияға дауыс береді. Бедел тұрғысына келетін болсақ, олар шамалы ғана, өйткені партиялардың қазіргі имиджі нөлдік белгіге жақын.

– Сайлау туралы Заң жайында не айтар едіңіз? Ондағы қандай өзгерістер елдегі саяси көрініске шынымен әсер етуі мүмкін?

– Берер жауаптың орнына мен ЕҚЫҰ ұсыныстарына сілтеме жасар едім, оларды интернеттен тауып алуға болады. Сайлауға дейін заңға ешқандай жақсартулар енгізілмейтіндіктен, қазір бұл мәселені қазбалаудың еш пайдасы жоқ. Қолданыстағы заңда бар сайлау барысын бақылау мүмкіндіктерін толық көлемде пайдаланған маңызды. Тәуелсіз бақылаушылар неғұрлым көп болса, алдағы науқан елдің саяси көрінісіне соғұрлым көп әсер етеді.

– Бізде тіркелмеген неше партия бар? Қазір қандай қозғалыстарды жалпы алғанда сондай қозғалыстар деп атауға болады? Оларды тіркей бастау үшін не орын алуы қажет?

– Жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан тіркелмеген партиялардың нақты санын анықтау мүмкін емес. Мысалы, біз бір, екі, үш жыл бұрын көпшілікке жария еткен бастамашылар саяси жоспарларын құруын жалғастырып жатқан-жатпағандығын білмейміз. Менің айтарым: демократиялық елдерде тіпті тіркелген партиялардың нақты санын білмейді: бұл орта соншалықты көп және тұрақсыз.

Саяси ұйымдарды тіркеудегі құқықтық кедергілерді алып тастау үшін қазіргі қолданылып жүрген режимді өзгерту керек, болмаса оны қолданыстағы заңдар мен қолданыстағы тәжірибені өзгертуге мәжбүрлеу қажет. Бір сөзбен айтқанда, революция қажет, егер «қызғылт сары» революция болмаса, онда мемлекеттік шешімдер қабылдайтындардың басындағы революция қажет. Қазір басқару элиталарының ұрпақтары ауысуда, мүмкін парадигманың ауысуы табиғи эволюциялық жолмен жүретін болар.

– Сайлауға өзін-өзі ұсынушылардың қатысуы азаматтардың сайлау процесіне деген мүделлілігін арттыра алар ма еді? Егер заңнама «барлығына қарсы» дауыс беру мүмкіндігін берсе, сайлау нәтижелері біз көріп үйреніп қалған нәтижелермен салыстырғанда қаншалықты өзгерер еді?

– Партиялығы жоқ кандидаттардың өзін-өзі ұсыну құқығы бәсекелестікті, сәйкесінше, сайлаушылардың сайлауға деген мүддесін арттыратындығы сөзсіз. «Барлығына қарсы» графасына келетін болсақ, мен бірқатар қоғамдық белсенділерге қарағанда, оның аса  қажет екендігін көріп тұрған жоқпын. Иә, наразылық білдірген сайлаушыға, егер мұндай опция болса, партиялардың ешқайсысы оның сұранысына жауап бермеген жағдайда, таңдау жасау оңайырақ болады. Алайда «барлығына қарсы» графасы қазіргі жағдайды қалай өзгерте алады? Дәл осылай бюллетеньді бүлдіріп тастауға немесе сайлауға бармай қоюға болады. Мен біршама дерексіз мысал келтірейін: әскери ғылымда қорғаныс - басым қарсыласпен қарсыласудың ең тиімді стратегиясы болып саналады. Мәселе – қорғанып отырып, оны жеңе алмайтындығыңда ғана. «Барлығына қарсы» графасы да сондай: ол азаматтардың бір бөлігінің көңіл-күйін нақты білдіре алады, бірақ ол түпкілікті нәтижеге әсер етпейді.

– Сіз «Ақылды дауыс беру» жайында не ойлайсыз? Сайлаушылар «келісімге келіп», балама кандидатты таңдай алады ма? Егер таңдай алатын болса, мәжілістің жұмысы қалай өзгереді? Сіз бойкотқа шақыруларды қалай бағалайсыз?

– Мен «ақылды дауыс беру» - бұл нақты таңдау да, тіпті «барлығына қарсы» графасы да болмаған жағдайда саяси процеске ықпал етудің ықтималды жалғыз жолы деп санаймын. Алайда мен Алексей Навальный ресейліктерге ұсынатын «ақылды дауыс берудің» мәнін көптеген қазақстандықтардың дұрыс түсінбегенін байқаймын. Бұл стратегия әртүрлі кедергілерден өткен ең қолайлы кандидатты таңдап алуға және шоғырланған түрде оған дауыс беруге келіп тірелмейді. Навальный қойған міндет: «алаяқтар мен ұрылар» партиясының өкілді органдардың басым бөлігін алуына кедергі келтіру. Ол үшін билік партиясының ең өтімді бәсекелесіне дауыс беру керек, бұл ретте оның саяси және моральдық келбетіне қараудың қажеті жоқ.

Біздің жағдайымызда «ең жамандарының арасынан жақсысына» дауыс беру мүлдем ақылға қонымсыз. Егер оппозиция таңдаған партия 7%-дық барьерді еңсере алмаса, онда қолданыстағы заңға сәйкес, наразылық дауыстар жеңімпаздар арасында қайта бөлінеді. Олардың басым бөлігі болмаса, елеулі бөлігі Nur Otan-ға беріледі.

Парламент сайлауында шынымен де тиімді дауыс беру үшін Nur Otan-ға балама партиялардың болашағы қандай екендігін мұқият қарап шығу керек. Яғни, ең алдымен дүниетанымдық тұрғыдан емес, практикалық тұрғыдан бастау керек. Бұл ретте бағдарламаның да, кандидаттар тізімінің де, партияның Ақордаға немесе Кітапханаға жақындығының да, басқа да сантимменттердің маңызды жоқ. Басты критерий – партияның билік партиясын жеңу мүмкіндігі. Тек осындай тәсіл ғана жүрекпен емес, ақылмен дауыс беру дегенді білдіреді.

«Ақылды дауыс беру» стратегиясын мынадай критерий бойынша сынға алады: наразылық білдірген көптеген сайлаушылар Nur Otan мен басқа «алға тартылған» саттелит-партиялар: Ақжол, ҚКХП, қазіргі «халықтық» партия арасындағы түбегейлі айырмашылықты көрмейді. Мен бұл тезисті дауламаймын да. Бірақ мәселе мынада, бізде жақсы таңдау жоқ және ешкім оны бізге фарфор табақшамен алдымызға тартпайды.

Екінші жағынан, 11 қаңтар күні таңертең бізге Nur Otan жеңілгенін, бірінші орында басқа партия: бақылаудағы, сервильдік, компрадорлық – қандай болса да, басқа партия тұрғандығын жариялағанын бір сәтке елестетіп көріңізші.

Біз - азаматтар, сайлаушылар үшін - расымен көп нәрсе өзгермейді. Бірақ Ақордада және Кітапханада олар басқа елде оянады. Nur Otan-ның жеңілуі билікті қайта бөлудің тектоникалық процестерін тудырады. Бұл қашанда саяси реформалардың орын алуы мүмкіндігі, оның барысында осындай өзгерістерге әкелген күшпен санасатын болады.

Біздің азаматтық қоғамның алдында тұрған міндет - осы мүмкіндікті жіберіп алмау.

Сайлаушылар «ақылды дауыс беру» туралы келісімге келе алады ма? Менің жауабым - жоқ. Көптеген адамдар армандаған бірлік ешқашан болмайды, оған себеп - адамдардың әртүрлі болатындығында ғана емес, сонымен қатар билік мүмкін болатын кез келген әдіспен бөлінуді тудыратын болады. Біз қазірдің өзінде бөлінудің бар екенін көріп отырмыз: біреу бойкотты жақтайды, біреу ЖСДП үшін үгіт-насихат жүргізеді, енді біреу билікке «фига» көрсетудің ерекше әдісін ойлап табады.

Бірақ мен оптимизм қосамын: егер әртүрлі пікірдегілер басым көп болса, барлық қоғамдық пікірлер маңызды емес. Егер олар диванда жата бермей, виртуалды кеңістіктен нақты әлемге шықса. Үлкен сандар тенденцияларды қалыптастырады, ал тенденциялар қоғамдық пікірді айқындайды, бұл өз кезегінде қалап отырған нәтижені қамтамасыз ететін сол бір «біртұтас серпінді» жасайды. Егер Nur Otan партиясының қазіргі саясатына қанағаттанбайтын азаматтардың айқын басым болса, онда олардың арасындағы кейбір келіспеушіліктердің маңызы болмайды.

– Сіздің ойыңызша, бақылаушылар сайлауға қалай әсер етеді? Өткен жылдың тәжірибесі көрсеткендей, олардың саны мен қызығушылығы артып келе жатқандығын көрсетті. Олардың қатысуымен және оларсыз өткен дауыс беру нәтижелері ерекшеленеді ме?

– Бақылау - бұл қазір әрбір белсенді азамат жасай алатын ең маңызды дүние. Дауыс берудің шынайы хаттамасы неғұрлым көп жарияланса, әлеуетті бұрмалаушылардың мүмкіндіктері соғұрлым аз,  тіпті бақылаушылар жете алмайтын жерлерде де аз болады. Біз байқау жасалған учаскелерде басқа «қараңғы» аймақтармен салыстырған кезде, таңқаларлық контрастты анықталатынын білеміз, оны алаяқтықтан басқа еш нәрсемен түсіндіруге болмайды.

– Сайлаудан кейін не болады? Қазақстандағы саяси ахуал өзгереді ме?

– Мен футуролог емеспін, сондықтан сайлаудан кейінгі Қазақстанның қандай болатынын болжай алмаймын. Физика заңдары сияқты әлеуметтік прогресс заңдары да еңсерілмейтін күшке ие болатындықтан, өзгерістің сөзсіз болатындығына сенімдімін. 

Следите за нами в интернете