Қазақстанда тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады

19 мая 2020 г. Общество, Молодежь

Халық арасындағы өзекті мәселелердің бірі – тұрғын үй. Қазақстандағы демографиялық өсім мен жас отбасылардың санының артуы осы жағдай өзектілігін өршітіп жатыр. Күні кеше ғана бейресми санақ көрсеткіштері елдегі халық саны 19 миллионнан асқанын көрсетті. Осы тұста біз баспанаға қол жеткізуге көмектесетін бағдарламалардың тізімін жасадық.

Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған Алматының өзінде 25 мыңнан астам адам бар. Нұр-Сұлтан қаласындағы кезектегі адам саны 48 мыңнан асқан. Бұл көрсеткіштерді азайту мақсатында елдеше біршама бағдаламалар қарастырылған.

Дастан Аккожа

«7-20-25» бағдарламасыБұл ипотекалық бағдарламаға Нұрсұлтан Назарбаев мұрындық болған. Мұндағы 7 – ол несиелік пайыз мөлшері, 20 – (және одан да көп)  пәтер алудағы алғашқы жарна, 25 – ол қарызды өтеу жылы. Бағдарламаның тиімді тұстарының бірі – несие алушыдан оны өтеу мен қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды. Бағдарлама тек жаңа үйлерді қамтиды.

Негізгі шарттары:

Қазақстан Республикасының азаматтығы;

Кіріс болуы;

Ипотекалық қарыздар болмауы;

Меншігінде тұрғын үйінің болмауы.

Тұрғын үйдің максималды құны:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында - 25 млн. теңге;

Қарағандыда - 20 млн. теңге;

Басқа өңірлерде - 15 млн. теңге.

Сайты: baspana72025.kz

«Нұрлы жер» бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама әр санаттағы халықтың тұрғын үй мәселелерін кешенді түрде шешуге бағытталған. Ипотеканың жылдық мөлшері – 5%. Бастапқы жарна көлемі – 20%-дан бастап жоғары. Ал төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Нұрлы жер аясында сатып алу құқығынсыз ұзақ мерзімді жалға беру, кредиттік тұрғын үй салу, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту мен жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру қарастырылған.

Кредиттік тұрғын үй алу шарттары:

Қазақстан Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінің салымшысы болу;

Кемінде алып жатқан үй құнының 20% жететін қорға ие болу немесе оны бірден төлеу;

Қазақстан азаматы болу, не оралман мәртебесіне ие болу;

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында үй алғысы келетін адамдарға өтініш беру сәтіне дейін осы қалаларда соңғы 2 жылдық тіркеуге ие болу;

Меншігінде тұрғын үй болмауы;

Кіріс бар болуы.

Тұрғын үйдің максималды құны:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент, Түркістан қалаларында әрленген 1 шаршы метрге 180 мың теңге;

Басқа өңірлерде әрленген 1 шаршы метрге 140 мың теңге.

Сайты: baspana.kz hcsbk.kz

«Әскери өнім» бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша баспанаға тек әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері қол жеткізе алады. Тұрғын үй төлемдерін алушылар үйді ТҮҚЖБ арқылы жүзеге асырады. «Әскери өнімге» қатысушылар баспана құнының 50%-ын жинағаннан кейін, еліміздегі ең төменгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша тұрғын үй қарызын ала алады

Негізгі шарттары:

Әскери немесе мемлекеттік орган қызметкері болу;

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде арнайы депозит ашу;

Белгілі бір уақыттан кейін 3,5-5% арасындағы мөлшермен қарыз алу.

Сайты: hcsbk.kz

«Бақытты отбасы» бағдарламасы. Қазақстандағы көпбалалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы былтыр қабылданған. Ол бойынша қарыздың жылдық мөлшерлемесі – 2%, алғашқы жарна сомасы кем дегенде 10%, ал қарыз мерзімі 20 жылға дейін.

Негізгі шарттары:

Жоғарыда көрсетілген санат өкілі болу;

Бірге тұратын отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы;

Тұрғын үйдің максималды құны:

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында  - 15 млн. теңге;

Басқа өңірлерде 10 -  млн теңге.

Сайты: hcsbk.kz

«5-10-20» бағдарламасы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамыр күні жаңа тұрғын үй бағдарламасы жайлы атап өткен еді. Қазір ол бағдарламаның негізгі шарттары мен жалпы бюджеті ғана белгілі. Оның жалпы сомасы 390 млрд теңге болса, оның 210 млрд теңгесі «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы игерілмек. Несиенің мөлшерлемесі – 5%, алғашқы жарна пәтер құнының – 10%, несие төлеу уақыты – 20 жылға дейін.

Негізгі шарттары:

Меншігінде тұрғын үй болмауы;

Баспана кезегінде тұруы;

Тұрғын үйдің максималды құны:

Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен олардың ше аумақтарында 18 млн теңге;

Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан және Қарағанды облыстарында 15 млн теңге;

Басқа өңірлер үшін 12 млн теңге.

«Жастарға арналған жалдамалы баспана» бағдарламасы. Былтырғы Жастар жылының аясында сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер қамту жайлы бұйрық шыққан еді. Жалға берілетін баспанаға 29 жасқа толмаған, Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын, еңбек етуші жастар өтініш бере алады. Бағдарлама тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын қамтиды.

Ай сайынғы ақысы: 10-12 мың теңге

Қажетті құжаттар тізімі:

Өтініш;

Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жеке басын сәйкестендіру үшін төлқұжаттың түпнұсқасы;

Білімі туралы құжаттың көшірмесі (диплом);

Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (отбасылы болса);

Балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі (балалы болса);

Өтініш берушіде және отбасыныңбарлық мүшелерінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;

Жұмыс орнынан анықтама;

Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

Еңбек өтілін растайтын құжат;

Депозит, яғни банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжат (егер бар болса).

Құжаттарға жауапты:

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қала әкімдігінің Тұрғын үй қоры. Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 39. Телефондары: 8 (7172) 79-34-50, 79-34-62 (63).

 Алматы қаласы бойынша Қоғамдық даму департаменті, телефоны: 8 (7272) 62-27-08

Шымкент қаласы бойынша Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма жүзеге асырады. Оның телефоны: 8 (7252) 24-74-37

Қосымша ақпарат: strategy2050.kz

Следите за нами в интернете