“Дезинформацияның Қазақстан қоғамына әсері” зерттеу қорытындысының таныстырылымы: пост-релиз

26 сентября 2022 г. Общество

26 қыркүйек күні Қазақстан Жастар Ақпараттық Қызметі “Қазақстан қоғамына дезинформацияның әсері” әлеуметтік зерттеуінің алғашқы нәтижелерін таныстырды. ҚЖАҚ  қазақстандықтар көбіне қай дереккөзден ақпарат алатыны, дезинформацияны қай салада байқайтыны, фейктерге, Қаңтар оқиғасына, Украинадағы соғысқа қалай қарайтыны және жас буынның дезинформацияға қаншалықты бейілдігі туралы деректерді ұсынды. Әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік орган өкілдері деректерді талқылады. 

Зерттеу 2022 жылдың 1 шілдесі мен 31 тамызы аралығында жүргізілді. Жұмыстың мақсаты – Қазақстан тұрғындарының дезинформацияны қабылдауы және дезинформацияның Қазақстан тұрғындарына әсерін зерттеу. Зерттеу барысында Қазақстандағы 16 облыс орталығы мен  22 ауылды жерде тұратын 14-65 жас аралығындағы 1000 респонденттен қазақ және орыс тілдерінде тереңдетілген сұхбат алынды. Сондай-ақ журналистер, медиа мамандары, мемлекеттік қызметкерлер және оқытушылармен 6 фокус-топ құрылды. 

Зерттеу авторлары негізгі түйін ретінде “қазақстандықтар ақпаратты қалай бағамдау керектігі жөнінде өз-өзіне сенімді, соған қарамастан ақпаратты тексермейді және фактчекинг жасамайды”. Жиналған дерекке сүйенсек, тұрғындардың 73 пайызы ақпараттық алаңда оңай бағдар табатынын айтады және ақпараттың тым көп болу мәселесі жоқ деп есептейді. Респонденттердің 80 пайызы әлеуметтік желі мен БАҚ-тағы ақпаратты қайта тексермейді немесе мұны өте сирек жасайды.

Жауап берушілердің 60 пайыздан астамы блогерлерге сенбейді, дегенмен жалпы қоғам көрсеткішіне қарағанда, жастар оларға көбірек сенеді. Сыртқы саясат, денсаулық сақтау және ковидтен емдеу тақырыптарында қазақстандықтар блогерлерге ең аз сенеді. Қоғамдық-саяси мәселелер бойынша  ең беделді қазақстандық блогерлер: Dauletten, Жұрттың баласы, Досым Сәтпаев, Жансерік Қадырбаев және Вадим Борейко. 


Қазақстандықтардың ойынша, көбіне ішкі саясат саласында пропаганда мен дезинформацияның болу қаупі жоғары. Қазақстандықтардың 26-29 пайызы республикалық және аймақтық медиадағы ішкі саясатқа қатысты жаңалықтарды оқу барысында оған сенеді. Респонденттер көбіне Ресей медиасына сенбейді (25%). Бұл ретте 37% респондент жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерді насихат пен жалған ақпарат көзі деп санаса, 21%-ы ресейлік БАҚ-ты атап өткен.

Қазақстандағы Қаңтар оқиғалары респонденттердің ашу-ызасы мен үрейін оятады: 40% жауап беруші азаптауларды, 36% жауап беруші наразылыққа қатысушыларды атуды атап көрсеткен. Ал қызығушылық пен энтузиазмды мыналар оятады: еститін мемлекет (19%) және президент Тоқаевтың реформалары (25%). 

Респонденттердің 21 пайызы Алматыда Биологиялық лаборотория құрылуы туралы естіген және 10 пайызы лабаратория биологиялық қару жасауда пайдаланылғанын айтатын ресейлік БАҚ-қа сенеді.


Зерттеуді Қазақстан Жастар ақпараттық қызметі АҚШ Мемлекеттік департаментінің қолдауымен жүргізді.


Егжей-тегжейлі сараптамалық есепті авторлар 2022 жылдың соңына дейін ұсынатын болады.



Пікір алу үшін төмендегі нөмірге хабарласуыңызды сұраймыз:

Айгүл Беймишева, жоба жетекшісі, әлеуметтанушы (PhD), +77059854969


  • Бұл зерттеу АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантымен қаржыландырылды. Осы зерттеуде айтылған пікірлер, тұжырымдар және қорытындылар авторларға тиесілі және Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінің көзқарасын көрсетпейді.

Следите за нами в интернете