Әрбір сайлау қарсаңында Қазақстанда
интернет-кеңістікте сайлаушыларға қысым жасалып жатқандығы туралы хабарламалар
пайда болады. Әдетте, бұл мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер туралы: жұмыс
берушілер мен оқу орындарының басшылығы жұмыстан босату, оқудан шығару немесе
жатақханадан шығару қаупімен оларды сайлауға баруға және белгілі бір кандидатқа
дауыс беруге мәжбүр етеді.
Адвокат Назерке Ризабекова мұндай жағдайда
қалай әрекет ету керектігін айтады.
«Егер азаматтар сайлауға баруға немесе
бармауға, белгілі бір кандидатқа дауыс беруге, cайлаған нұсқасы бар
бюллетеньнің фото-дәлелін беру арқылы қатысу фактісін растауға, дауыс беретін
отбасы мүшелерінің тізімін олардың таңдауын көрсете отырып ұсынуға мәжбүр болса
– бұл сайлауға өз еркімен қатысу құқығын бұзу және сайлау құқығын еркін жүзеге
асыруға кедергі болып табылады», – дейді адвокат.
Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау
туралы» Заңның 3-бабының 3-тармағында және ҚР Қылмыстық кодексінің 150-бабында
баяндалған.
Не істеу керек?
«Ең алдымен, бұзушылық фактілерін аудио, фото
және видео көмегімен жазып алуға тырысыңыз, – деп кеңес береді Назерке Ризабек.
– Егер бұл мүмкін болмаса, әріптестеріңізбен/басқа студенттермен бірге сайлау
құқығыңызды бұзу туралы ұжымдық акт жасаңыз. Осы материалдармен кезекпен немесе
бір уақытта өз ұйымыңыздың басшысына, ҚР Білім және ғылым министрлігіне,
полицияға шағымданыңыз».
Мемлекеттік органдарға өтінішті egov.kz
порталындағы «Электрондық өтініштер» бөлімі арқылы ЭЦҚ көмегімен немесе қағаз
түрінде беруге болады. Есіңізде болсын, Сіздің өтінішіңізді тіркеуге және оған
нөмір беруге міндетті».
Полицияға арыз үлгісін мына жерден қараңыз.
+7-777-669-65-00 нөмірі бойынша ЖСЛ жедел желісіне хабарласыңыз: қоңырау шалыңыз немесе WhatsApp-қа мәтіндік хабарлар жіберіңіз. Біз сізге тегін кеңес және заңгердің көмегін ұсынамыз.