Наурыздағы мүмкіндіктер: гранттар мен шәкіртақылар

Білім мен дағдыны дамыту үшін пандемия мен шекаралардың жабылуына қарамастан іздену керек. Әсіресе, келер күнде қандайда бір өзгерістерге дайын болуға білім мен тәжірибе қорын қазірден жиған жөн. Сондықтан біз жастарға арналған оқу мен жетілу мүмкіндіктерін, гранттар мен шәкіртақыларға жету жолдарын жинақтадық.


«БесТірек» бағдарламасы 

 

Ержан Тәтішев қоры «БесТірек» бағдарламасы бойынша мектеп және колледж түлектеріне арналған грант тағайындайды. Кәсіпкерлік салада оқуды жоспарлап жүрген оқушылар мен студенттер 100% грант пен ай сайынғы шәкіртақы ұтып алу мүмкіндігіне ие. Жатақхана мен жол шығыны да бағдарлама аясында қарастырылған. Бағдарлама туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Дедлайн: 30 сәуір 2021 жыл

 

Назарбаев университетінде магистратура бағдарламасы 

 

Назарбаев университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі Мемлекеттік саясат және Мемлкеттік басқару бағдарламалары бойынша магистранттарды және мемлкеттік саясат саласына докторанттарды қабылдайды. Бағдарлама туралы ақпарат мында.
Дедлайн: 30 сәуір 2021 жыл

 

Жас зерттеушілер байқауы 

 

Сорос-Қазақстан қоры «Жария саясат» бастамасы шеңберінде қазақстандық жас зерттеушілерге саяси-басқарушылық зерттеулерді жүргізу және оқыту семинарларына қатысуға байқау жариялады. Бұл жоба аясында зерттеу жұмысына 400 мың теңге көлемінде грант беріледі әрі қатысушының қосымша тренинг-семинарларға баруына қаражат бөлінеді. Бағдарлама жайында толыққанды ақпаратты мына сілтемеден оқи аласыз.
Дедлайн: 4 сәуір 2021 жыл

 

AIS гранты

 

Алматы Халықаралық мектебі 2021-2022 оқу жылына грант тағайындайды. Ағылшын тілін жақсы меңгерген 14-17 жастағы қазақстандық жастар бұл оқу орнына түсе алады. Басты мәселе – үлгерім. Өтініш беру формасы мен толық ақпарат мында.
Дедлайн: 19 наурыз 2021 жыл

 

Батырхан Шөкенов атындағы стипендия

 

Батырхан Шөкенов қоғамдық қоры өнер мен музыка саласында білім алып, үрмелі аспаптарда ойнауды үйреніп жатқан студенттер мен оқушыларға грант тағайындайды. Байқауға қатыса алатын мектеп пен университеттер тізімін, толық деректерді мына сілтемеден көре аласыз.
Дедлайн: 12 қыркүйек 2021 жыл

Следите за нами в интернете