Қазақстан жастар ақпараттық қызметі «Жастар сөйлейді» айдарын жалғастырады. Келесі кейіпкер — тәуелсіз журналист, сценарист, «Оян, Қазақстан» қозғалысының белсендісі, «Тіл кеспек жоқ» YouTube-арнасының иесі Әсем Жапишева. Біз одан Қазақстанның қазіргі жағдайы, журналист болудың қиындығы, Қырғызстандағы көтеріліс жайлы сұрадық.