Қазақстанда 600 мың шамасында университет студенті болса, олардың жартысына жуығы өңірдегі ЖОО-ларда оқиды. Аймақ студенттерінің проблемасы медиада жиі көтерілмейді, үні естілмейді. Өңірдегі студенттер жайлы диплом жобасын әзірлеген Заңғар Омар мен Ақбота Узбекбай осындай қорытындыға келген.