Қаңтар кезінде жүздеген адам тергеу изоляторында азапталып, кемінде алты адам қайтыс болды. Азаптау бойынша көптеген тергеу «дәлел жеткіліксіз» деп тоқтатылды, қылмысқа қатысқандардың көбі жауапқа тартылмады. Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қаңтар ісі бойынша рақымшылық заңының үзіндісін жариялаған. Үзіндіде азаматтарға оқ атып, абайсызда адам өлтірген полиция қызметкерлерінің кешірімге ілігетіні айтылған. Қазақстандағы азаптау қылмыстары туралы айтып, азаптау жасаған адамдар неліктен жазаға тартылуға тиіс екенін түсіндіреміз.