20 тамызда Нұр-Сұлтанда Талдыкөлді қорғау митиңі өтеді. Қала әкімдігі алғашында бейбіт жиынға рұқсат етпей, бірнеше хабарландырудан кейін ғана келісім берді. Қазақстанда әкімдікпен бейбіт жиын өткізуге келісу – лотореяда ұтумен тең. Өйткені билік кімнің өтінішін қанағаттандырып, ал кімге рұқсат етпейтінін болжау өте қиын. Азаматтық белсенді Равкат Мухтаров бейбіт митинг ұйымдастыруға қатысты тәжірибесін бөлісіп, митинг туралы хабарламаны дұрыс толтыру әдістерін айтты.